Тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті
Күтілетін нәтиже:
Білімдік
Жаңа білім
• Ақпарат анықтамасын біледі.
• Ақпарат қасиеттерін атап шығады.
Жаңа түсінік
• Шығу облысына қарай ақпарат түрлерін түсінеді.
• Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлерін түсінеді.
• Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін айырып таниды.
Құзырлылық
Қолданым әрекеті
• Ақпараттың сыртқы қасиеттеріне жататын сөздерді сәйкес ұяшықтарға қою арқылы кестені әзірлейді.
Талдау әрекеті
• Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін салыстырады.
Шығармашылық әрекет
• Берілген кесте арқылы ақпаратты кодтап, сөздерді басқа тілге түрлендіреді.
Құнды-лық
Бағамдау әрекеті
• Әлемнің ақпараттық бейнесін түйіндейді. Ақпарат қасиетін сипаттайды.