еді. Кейбір аңдар суыққа шыдамсыз болғандықтан оларға арнайы жылы күртешелер тігіп кигізеді.
Тәрбиеші: Ал ,ендеше барлығымыз топпен зообаққа саяхатқа шығамыз.
Міне зообаққада келдік. Аңдармен таныстыру,олардың тіршілігі,қоректенуі туралы әңгімелеу.
Жұмбақ шешу
Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Қалдырмай баласын бір елі,
Қалтасына салып - ап жүреді. (кеңгіру)
Асты тас,үсті тас,
Ортасында шандыр бас. (тасбақа)
Жаңылтпашты жаңылмай айту
Ян-ян-ян,
Жүгіріп жүр қоян.
Ян-ян-ян,
Бұл қоян емес,шаян!
Төлдерін ата
Аюдың баласы-? қонжық
Түйенің баласы -? бота
Қасқырдық баласы-? бөлтірік
Қоянның баласы-? көжек
Қойдың төлі-? қозы
Ешкінің төлі-? лақ
Жылқының төлі-? құлын
Тәрбиеші: Аңдарға біз қамқор болуымыз керек . Өте сирек кездесетін тіпті қызыл кітапқа енген аңдар бар.
Үйге тапсырма:Зообақтағы ұнаған аңның суретін салу
12 "Аленушка" бөбекжайы
Тақырыбы: "Зообаққа саяхат"
Тәрбиеші:Абуева А. З
Орал -2016ж.
Страницы: << < 1 | 2