Өзін-өзі тану адамгершілікке жетелейді

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылы
Бисен Жәникешев атындағы ЖББОМ-нің психологі
Тлепова Алия Еркаевна


Тақырыбы: "Өзін-өзі тану адамгершілікке жетелейді"
Мақсаты: оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Амандасу рәсімі.
ІІ. Кіріспе сөз.

Қайсымыздың болмасын, өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріміздің жақсы не жаман болуы осы өмірде өздеріңіз таңдаған алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға, жолдастарыңызға байланысты. Өз мінез-құлқына басқалар тарапынан баға алу, өзін айналасындағылармен салыстыру, адамдармен өз қарым-қатынасын түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам өмірде сыналады, шыңдалады, қалыптасады. - Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазіргі шақтан өздеріңізді жоғалтып алмас үшін, алдыңызға айқын мақсат қойып, қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек.

Бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз. Жан азығын бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут беріледі. Бірнеше қатысушыдан ойлаған ойлары сұралады.
Өмірде тыныштық болса екен
Балалығым бақытты кезеңдерге толы болса екен.
Міне осындай жағымды ойлар өмірге, болашаққа үміт пен сенімділік әкелетінін әркез ойымыздан шығармайық.

Екінші тапсырма: "Менің мейірімді істерім". Өздеріңіздің соңғы кездерде жасаған мейірімді істеріңіз туралы баяндап бересіздер. /Мейірімді істері жай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: