Өзімшілдік пен көпшілдік Ашық сабақ өзін-өзі тану

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ұрастыруымыз қажет. Сол сөздер арқылы сіздердің тобыңыздың аты шығады.
Мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық
(Жарайсыңдар балалар топтың аты белгілі болса сабағымызды бастаймыз)
Балалар өздеріңізді күнмін деп елестетіңіздер, қазір мен сіздерге сұрақ қоямын, бұл сұраққа тақтада берілген өлеңдер жолдары арқылы жауап беруге болады.
-Күн , кімнің досысың? (Мұғалім)
-Бәріңе ортақпын! (Балалар)
-Сен кімнің жолдасысың?
-Бәріңе ортақпын!
Кәдімгі көліңдей түсетін,
Кәдімгі суындай ішетін,
Ауадай бәріміз жұтатын,
Барлығы әулие тұтатын,
Бәріңе ортақпын!
Сұрақ: Күн неге бәріңе ортақпын дейді?
Себебі күн барлық адамға өзінің жылуын, нұрын, шапағатын бірдей сыйлайды. Яғни жақсы адам ол мейлі жаман адам деп бөліп қарамайды. Барлығымызды бірдей көреді. Яғни барлығымызға күн ортақ.
Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыпты үй тапсырмасын еске түсірейік.
Балалар, сіздермен өткен сабақта «Ақылды тыңдай білу де өнеге» тақырыбын өтіп, сол турасында әңгіме қозғаған болатынбыз. Сол тақырып негізінде үйренгендерімізді еске түсіріп, ортаға салайық.
Әр топқа тақырып бойынша сұрақтар беріледі
1. Қандай мәтінмен таныс болдық және сол мәтінде балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
2. Әке өсиетін орындаған балалар қандай жетістікке жетті?
3. Данышпан атаның және үлкендердің айтқан ақыл-кеңестерін естеріңізге түсіріп, айтып беріңіздер.

Жаңа сабақ:
Балалар сіздерге қазір топтық тапсырма беріледі.
1-топ осы берілген сөздердің арасынан адам бойындағы жағымсыз қасиетті тауып, алдыңыздағы сары түсті бетшеге жазамыз.
Келесі 3-топ сіздер де алдыңыздағы берілген сөздер ішінен енді адам бойындағы жағымды қасиеттерді тауып, сары түсті бетшеге жазамыз.
Сол суреттер бойынша балалар жақсы м

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: