Өзім туралы. Менің достарым

Страницы: 1 | 2  >  >>

1-сынып Мерзімі:03. 12. 15 Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Өзім туралы. Менің достарым.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сөйлесім әрекеттерін жүйелі түрде жүргізу мақсатында бағдарлы жұмыс жүргізу. Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: Оқушыларды толық және жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Сызба және сурет бойынша сұраққа дұрыс жауап беруге дағдыландыру. 3. Тәрбиелік: Ойын және практикалық жұмыс барысында оқушылардың әдептілік сақтауын талап ету және әдептілікке баулу. Оқушылардың бір-біріне дер кезінде көмек беру дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу,оларды түгендеп,зейіндерін сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын тексеру. III. Сөздікпен жұмыс: Өткен тақырыптар бойынша сөздік жұмыстарымен сайыс өткізу,жазылым әрекетімен ұштастыру. Балабақша-детский сад, барамын-хожу,пойду, мектеп-школа, доп-мяч, кім?-кто?, неше?-сколько?. IV. Тасырмалармен жұмыс: 1-тапсырма: Оқылым және тыңдалым дағдыларын сауатты қалыптастыру мақсатында 1-тапсырманы орындау. Сұрақ-жауап жұмысын оқушылармен практикалық жұмыс ретінде жасау. Жұптық жұмыс ұйымдастырып,оқушыларды тілдесімге баулу. 2-тапсырма: Сергіту сәті. Тәй,тәй,тәй,қуыршақ! Ормандағы аюдың, Қанеки,оң аяқ! Құлпынайы көп екен. Бір адым алға бас! Теріп-теріп алайық, Қанеки,сол аяқ! Қалтамызға салайық. Шырағым,алға бас! Оң аяқ, сол аяқ! Оң аяқ, сол аяқ! Қарашы, оңай-ақ! 3-тапсырма: Санап үйрен. 4-тапсырма: Жаңылтпашты оқы. 5-тапсырма: Көрнекілік бойынша жұмыс. Өзі туралы және достары туралы айтып үйрендік. V. Сабақты бекіту: Нені білдік? Не үйрендік? Өз аты туралы диалог құра білдік, өзара танысу туралы диалог құра білдік. Бір-бірімізге тапсырма беруді үйрендік. VI. Сабақты қорытындылау:Оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма: 7-10-бет. оқу.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: