Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!
Білім беру саласы: "Қатынас"
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: "Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!"
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айта отырып, сөздік қорын молайту, сөздерді байланыстыра сөйлеуге үйрету. Ағылшын тіліне түсініктерін тереңдету, әріптердің қалай айтылатынын ұқтыру. Адамгершілікке, қамқор бола білуге тәрбиелеу. Жаңа сөздермен таныстыру
Көрнекіліктер: суреттер, видеоролик, дидактикалық материалдар
Амандасу. Шаттық шеңбер құру
Сәлем беру үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнеки, бәріміз
Сәлемдесіп үлкенге:
Саламатсыздар ма, апайлар
Саламатсыздар ма, ағайлар!
Good morning, teachers!
Ал енді "Балабақша - біздің үй" өлеңін бәріміз бірге айтайықшы.
Жатқа білер дос атын,
Дос бар бізде тосатын.
Балабақша - біздің үй
Басымызды қосатын.
- Ой, жарайсыңдар, балалар, енді өз үйіміз туралы кім мақал айтып береді?
- Дұрыс, осы мақал ағылшын тілінде "East or West, Home is Best" - деп айтылады.
- Кәне, кім қайталап айтып көреді? - Жарқынай: "Өз үйім - өлең төсегім. "
Барлығы бірге: "East or West, Home is Best" - деп қайталайды
- Ендеше, балалар, сендер балабақшада көп нәрсе үйренесіңдер: сурет салуды, ән айтуды, би билеуді. Спорттық жаттығулар жасап, денелеріңді шынықтырасыңдар. Сонымен қатар, сауат ашудан ана тіліміз - қазақ тіліндегі, ағылшын және орыс тіліндегі әріптерді, сөздерді айтып үйренесіңдер. Өткен оқу іс - әрекетімізде ағылшын тіліндегі алғашқы A, B, C, D, E, Ғ әріптерімен танысқан болатынбыз. Енді бүгін Gg әріпіне тоқталамыз. Кәне, бірге айтайық: Gg (джи). Әріптерді басынан бастап қайталайық: A, B, C, D, E, Ғ.
Осыдан кейін &qu
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>