Жамбыл облысы, Тараз қаласы
М. Мәметова атындағы 27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А. Қ. Шайхысламова
"Зерде" интеллектуалды ойыны
Мақсаты Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасы мен қатар, дүниетанымын, ойлау қабілетін ұштау. Ұлтымыздың тарихын,салт дәстүрін, әдет ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Мазмұны ойынға оқушыдан құралған топ қатысады. Ойын кезеңнен тұрады. топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңізпаз атанады.
Көрнекелігі айналым аттары, тапсырмалар жазылған форматтар, сұрақтар жинағы,ұлағатты сөздер жазылған кестелер, асықтар, қоржын,т. б.
Түрі интеллектуалды сайыс
Әдіс тәсілі сұрақ жауап, шығармашылық.
Сайыс барасы
Бүгінгі "Г" сыныбының "Зерде"атты білімділер сайысына қош келіпсіздер!
Жан жақты білімдерімен, шеберлігі, ақылдылығы менсөз өнерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын топтар өздерін, ұрандарын таныстырп өтеді.
Әділқазылар алқасын тағайындап алу
І айналым "Жүйрік болсаң озып көр" Лездік сұрақтар
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
"Сұңқар" тобына
Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі Түбір
Жалқы есімдер қалай жазылады, неге? Бас әріппен
Сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай?
"Бесінші" сөзі қандай сұраққа жауап береді? Нешінші?
Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата Сұлу, көркем.
Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Сұрақ белгісі
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Жуан, жіңішке
Заттың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? Етістік
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай а
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>