Тақырыбы: Өзендер мен көлдер .
Максаты: Өзен және көл туралы түсіндіру, айырмашылығын ұғындыру.
Ой-өрісін,тіл байлығын ,жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастыру.
Өз Отанына деген сүйіспеншілікке, өзен көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
"Жер асты сулары" тақырыбын мазмұндату
Дәптерлерін тексеру. .
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?
Минералды су қайдан пайда болады?
Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен?
Жер асты суының қандай пайдасы бар?
IV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабалау.
Өзен және көл.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Кіріспе: адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Өзендер - құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны. Ірі өзендер жоғаарғы ,орта, төменгі ағысқа бөлінеді. Тікелей мұхиттарға ,теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм ,батпаққа сіңетін өзендер -- негізгі , ал бұларға келіп қосылатын олардың салалары деп аталады.
Қазақстанда 85 мың өзен бар. Ұзындығын ескерсек,төртеуі ғана 1мың шақырымнан асады. Олар: Ертіс,ұз1698км. , Сырдария,ұз. 1692км. Есіл ұз. 1607км. ,Жайық ,ұз1084км өзендері. Ұз 1000км асатын Тобыл,Іле,Шу сияқты тағы 3 өзен бар.
Ішуге жарамды судың тағы бір көзі -осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да,су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы. Өзендерді жағалай елді мекендер орналасқан, себебі өзен суы адам баласы ү
Страницы: 1 | 2 > >>