Үздік информатик

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

телік бағдарламасы туралы)
(Paint графикалык бағдарламасы туралы)

VІ кезең. "Мақал - сөз мәйегі"
"Мақал - сөз мәйегі" бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, "анықтама"-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні - жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

VІІ кезең. "Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт"
3 минут уақыт ішінде әр топқа мамандық бойынша сөз беріледі, сол сөздің әріптеріне мамандық бойынша қандай дағдылар болу керек екеніне байланысты сөздер құру керек.
1 - ші топ. "БАҒДАРЛАМАШЫ"
2 - ші топ. "ТЕХНИК ОПЕРАТОР"
3 - ші топ. "ОҚЫТУ ШЕБЕРІ"

Қорытынды: Бүгінгі сайыстың әсем де әсерлі, әдемі де көркем, есте қаларлықтай етіп өтуіне үлес қосқандарыңыз үшін топ оқушыларына рахмет!




Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: