Зат есімнің тәуелденуі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні:17. 02. 16 ж.
3-сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақты тақырыбы:
Зат есімнің тәуелденуі.
Мақсаты:
Оқушылардың тәуелдік жалғаулар туралы алған білімдерін пысықтау,яғни заттың, қандайда бір нәрсенің біреуге тән,соның меншігі екенін білдіретін, үш жағы болатынын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар тәуелдік жалғаулар туралы алған білімдерін пысықтайды. Бір заттың біреуге меншігі екенін білдіретін үш жағы болатынын біледі.
Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыт
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Оқушылардың көңіл - күйін сұрау.
2. Топқа бөлу. Қималардан сурет құрастыру арқылы үш топқа бөлу.

Оқушылар көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетеді.

Оқушылар сурет қималары арқылы үш топқа бөлінеді.

3 мин
ІІ. Үй тапсырмасы.
"Мини тест" әдісі арқылы өткен сабақты қайталау.
Тест.
1. Зат есім нені білдіреді?
а) заттың атын
ә) заттың қимылын
б) заттың санын
2. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз?
а) туынды сөз
ә) түбір сөз
б) түбірлес сөз
3. Адамдарға, жер-су аттарына және жануарларға қойылатын атаулар?
а) жалпы есім
ә) жалқы есім
б) сын есім
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
а) Дәрігерлер, дәрілер
ә)күшік, мысық
б) қыс, торғай
5. Қосымша нешеге бөлінеді?
а) 1
ә) 2
б) 3
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша?
а)жұрнақ ә) жалғауб) түбір
Бағалау. Оқушылар жұптарымен ауыстырып дұрыс жауабымен тексереді.
Ашық журналға бағалауды түсіру.
Оқушылар дұрыс варианттарын көтереді.

Миға шабуыл
Сурет арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Оқушылар видеоны көріп, сұрақтарға жауап

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: