Зат есім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, бағалауғаарналған көрнекіліктер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Cабақтың ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім дара тілім.
Абай ,Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым ,бақытым қазақ тілім
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
5 - ке қолды жеткізу!
ІІ. Ой қозғау: Біздің еліміз – ҚазақстанРеспубликасы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы- білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде . Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне , гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір- түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «біз әлі кішкентаймызә демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен. Біздің бүгінгі сабағымыз да мамандық таңдауға байланысты. . Іштеріңде қандай да болмасын мамандықты таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Нағыз адам боламын!
Бүгін титтей баламын,
Әлі-ақ жігіт боламын.
Сонда, мүмкін,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: