наркотикалық және улы заттарды мектеп аумағына әкелуге.
2. Мектеп ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға.
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға.
4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады.
2 тарихшы:
"Әкімшілік құқық" туралы айту.
1тарихшы:
Құқықбұзушылық түрлерімен таныстыру.
Сергіту сәті: тест тапсырмасын орындау.
Пікірталас.
2 тарихшы:
Сендерге арналған құпия сандық тапсырмамыз бар.
Мұнда не бейнеленген?(оқушылар пікірін тыңдау).
Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған. (мына заттар арқылы: таразы, семсер, көзбайлауыш және мантиядан Фемиданың бейнесін жасау )
(Фемиданың суретін слайд арқылы көрсету)
Мұғалім:
Фемида-әділеттілік сот символы. Фемиданың маңызды атрибуттары -- семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады.
Фемида -- мантия киген, келбетті де келісті әйел. Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы.
Таразы мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әділет пен әділетсіздік таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен. Таразы Фемиданың сол қолында -өйткені денесінің сол жағы сезімтал қабылдағыш екен.
Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екіжақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді.
Көзбайлағыш -әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып әділетті шешім қабылдайды.
Қорытындылау:
Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек , өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауа
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>