ды) .
Келін тізе бүгіп сәлем береді. Үш рет иіліп сәлем берген келінге атасы бата береді.
6 этап - Сарбай: Көп жаса қарағым, бақытты бол!
2-жүргізуші: 7 этап
Келін үлкен шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттап кіреді. Содан соң жеңгелері келінді сол жақтағы төсекке құрылған шымылдық ішіне кіргізіп отырғызады.
Келінді қарсы алған жас келіншектерге білезік, сақина, жүзік, алқа, түрлі маржан тастар үлестіреді.
1-жүргізуші: 8 этап
Ауыл адамдарына жаңа түскен жас келінді таныстыру, келіннің міндетін түсіндіру "Беташар" жыры айтылады.
Беташар айтушы келіннің келген жеріндегі қайын ата, қайын енеден бастап туыстарының үлкен-кішілерін жеке-жеке таныстырып, келінге олардың әрқайсысына иіліп сәлем еткізеді.
2-жүргізуші: 9 этап
Жаңа түскен жас келінді ауылдың үлкендеріне таныстырғанда, олар көрімдікке, еншіге мал атайды. Ондағы мақсат - бүкіл ауыл-аймақ, ағайын-туыс болып, жаңа үйленген жастардың басына үй, алдына мал салып беріп, жас отауды ел қатарлы үй ету. (Эльмира шымылдық арасынан сыртқа шығады)
10 этап Беташар (Азамат)
1 жүргізуші: Ауыл қариясы жас отауға бата береді. 11 этап
2-жүргізуші: 12 этап
Келіннің қолына енесі май құйылған ыдысты ұсынып, отқа май құйғызады.
Эльмира иіліп оған сәлем береді.
Роза Құрм: (жұртқа бұрылып тұрып айтады) От-Ана, Май-Ана, шапағатыңды жаңа түскен жас келінге тигізе көр, жарылқа!
2-жүргізуші:
22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат гүлге, өріс төлге толады.
1-жүргізуші:
Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған.
2-жүргізуші:
Ендеше, дәстүрді жалғастырып, е
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>