Қызықты математика елі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Қызықты математика елі
Мақсаты: Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Білімділігі: Балалардың сан, санау ұғымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Дамытушылығы:Геометриялық пішіндер туралы білімдерін, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Салыстыру, санау, топтау санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Мақсатқа жете білуге, ойын дұрыс айта білуге, шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, тапсырмалар, ойындар.
Заттық дамыту ортасы: тақырыпқа байланысты суреттер.

Әрекет кезеңдер
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Балалар шаттық шеңберге тұрып бір - бірлеріне деген жылы тілектерін білдіреді.
-Мен саған бүгінгі күніңе сәттілік тілеймін.
-Мен саған қуаныш сыйлаймын.
-Мен саған зор денсаулық тілеймін.
-Еліміз аман болсын.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Балалар сендер ойын ойнағыларың келеме?
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Ойын: "Доп лақтыру"
Ойын шарты: балаларға допты лақтыра отырып, жыл мезгіліне, апта күндеріне байланысты сұрақтар қойылады, жауап беріп отырады.
-Бүгінгі ауа райы қандай?
Олай болса балалар, осындай ашық, жылы, тамаша ауа райында саяхатқа шыққыларың келе ме?
Онда біз бүгін қызықты математика еліне саяхат жасауға немен барамыз?
Санамақ: Алма кетті домалап,
Көше бойын жағалап.
Кім алманы табады,
Сол ойыннан шығады.
-Балалар біздің көлігіміз неге тоқтап қалды?
-Бағдаршамның көздері қандай пішінге ұқсайды?
-Түстері қандай?
-Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істеу керек?
-Сары түсі жанғанда ше?
-Жасыл

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: