Қызықты география әлемінде

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7

. Жерінің 97 Азияда,ал 3 Еуропада жатыр. Солтүстігінде Қара теңіз,батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңіз сулары шайып жатыр. Халықаралық туризм өте жақсы дамыған. Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? Түркия.
3-топ :Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Күншығыс елі. Жапония
VII тур:"Кім білгіш?"
Топ басшыларының алдына сандықша қойылады, сандықшада жемістер жасырылған. Әр топ басшысы алған жемісі туралы жалпы мағлұмат береді. ( жемістің өсетін жері, келу тарихы, пайдасы)Ойлануға 3 минут беріледі.
АЛМА
БАНАН
АПЕЛЬСИН
"Қорытындылау"
"Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.
Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.
Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады.
Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз - өмір тұл.
Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаттығымыздың алдаспаны. "
Қазақстан Президентінің Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі.

Сайыс міндеті - жеңу,
Оқу міндеті - білу.
Кім жеткенін мәреге,
Қалды бізге білу. - олай болса турнир қортындысын төрешілерден білейік. Турнир қортындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталып, географиялық кеш қортындыланады. лтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!











Страницы: <<  <  5 | 6 | 7
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: