бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
2-топ: «Тапқырлар» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)
2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай
Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегіш/
Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/
Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/
Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/
Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
Физика не туралы ғылым? /табиғат/
Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/
1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /тұңғыш адам ғарышқа ұшты/
Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/
«Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/
Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/
Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/
Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/
III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.
Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.
50 теңге 10 теңге 1 теңге
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>