Қызықты физика
Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін
өмірде қолдана білуін дағдылдандыру.
Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.
Жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді ІІ курстың 222, 223, 224 - топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.
222- топтан құралған «Күш», 223 «Заряд», 224 «Атом» топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.
Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)
Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)
Физика қиын, ашиды миың. (Әзіл-сықақ көрінісі)
Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын аш)
Пантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет. . )
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру
Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – демекші
І кезеңімізді бастайық.
Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.
1. «Күш» тобының таныстыруы: («Суретші-көркемдеуші» мамандығы)
222- топтың ұл-қызы
Жанса деймін жұлдызы,суреттейтін даланы,
Көркемдейтін қаланы,мамандықтың киесі
Суретшілер-Жасасын!
Мына бізде бәрі бар,ұзындар да табылар
Мысал
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>