br/>10 мин
Ынтамақтастық ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу: жануарлар, өсімдіктер,құстар суреттері арқылы үш топқа бөлінеді.
(Ұ)"Сиқырлы сұрақтар"
Суретте нелерді көріп тұрсындар?
-Бұларды не біріктіреді?
-Азайған аң-құстарды қайда енгізген?
-Кітаптың түсі неліктен қызыл болады?
Қызыл кітап
1948жылы әлемде алғаш рет "Табиғатты қорғау"одағы құрылды. Бұл одақ бірінші рет жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол кітап "Қызыл кітап" деп аталды. "Қызыл кітап"деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
"Қазақстанның Қызыл кітабы" алғаш рет 1978жылы шықты. Онда тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы қысқаша қазақша,ағылшынша деректер берілген. Соныменбірге әрбір тіркелген жануарлар суреті,Қазақстанның аумағында таралу картасы және ол туралы ақпарат көрсетілген.
Қазақстанда құстардың 18отрядқа жататын 489 түрі бар. Олардың 58-і "Қызыл кітапқа" тіркелген. Оларды адамдар көп аулайды. Сол себепті азайып барады. Қазір олар қорғауға алынған.
"Қазақстанның Қызыл кітабына" өсімдіктердің 307 түрі кірген. "Қызыл кітапқа" қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр және тағы басқа аңдар мен құстар да тіркелген.
Тапсырма
(Т)Әр топқа мәтіннің бөліктері таратылады. ЖИГСО әдісі арқылы мәтінді түсіну жұмысы орындалады. Тірек сөздерді оқиды.
Дескриптор
- мәтіннің мазмұнын түсінеді,тірек сөздерді табады.
- топта ақылдаса отырып, мәтінге тақырып қояды.
Топпен кері байланыс орнату
-Тапсырманы орындай алд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>