Сабақтың тақырыбы: Қыз сыны
Сабақтың мақсаты:1. Бастауыш сынып қыздарының өнрін байқау.
2. Өнерге, білімге баулу.
3. Өнерлі, әдепті, әдемі болуға баулу.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер,гүлдер, шарлар, интербелсенді тақта.
Ұйымдастыру: Мұғалімнің сөзі.
Құттықтау сөз.
1 бастаушы: Құрметті асыл аналар,қыз қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы қабаршысы болып,аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді.
Аналар, көктемгі гүлдей жарқыраған, гүл мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын.
2 бастаушы: Ал, құрметті қауым,көптен бері асыға күтіп жүрген "Қыз сыны" байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын,біздің байқауымызға төрелік етуші әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
1 бастаушы: Уа, халайық,халайық.
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық
Наурыз тойға арналған
Сайысты біз бастайық.
2 бастаушы: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып
Арулар сыйлаған халқым менің
Ортаға аруларды шақырамыз.
1. таныстыру.
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
2. Шебер қолдар.
"Он саусағы майысқан шебер болар ма екенсің?"
Аруларымызды ортаға шақырайық.
Қыздар,сіздер қазір ою ойып бересіздер
Оюларыңызды әділқазылар алдына қойыңыздар.
3. "Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар" демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде қыздардың білімін сынайық.
"Гүл теру" ойыны (сұрақ- жауап)
4 . "Өн
Страницы: 1 | 2 > >>