Сабақтың тақырбы: Қыз қандай болу керек?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін
ұғындырып меңгерту.
Өнерге деген құштарлын оята
отырып, имандылық салтын
қалыптастыру. Оқушыларды салт
дәстүр сыйлауға құрметтеуге
тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Плакат, нақыл сөздер.
Тәрбиелік деңгейі: Ана – үйдің берекесі,
Бала – үйдің мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. Біздіің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Бұл қыз баланың айырықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады. Халқымыз қыз баланы ардақтайды. Оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсірген. Өйткені, қызды жат – жұрттық бала, қыз- қонақ, оның көретін құрметі де әкесінің үйінде деп ерекше сыйлаған. Қыз үйге кіргенде ақсақалды қарт орнынан тұрып, төрден орын берген, бұл-қазақ дәстүрі.
Өлең сөз – деп бабаларымыз осылай жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызды «Бүгінгі ару - ертеңгі ана» болатын қыздарымызбен ой қозғағамақшымыз. Сол себептен оқушыларымыз екі топқа бөлініп отыр. «Қыз баланың мынау тіршіліктегі міндет – парызының жүгі ауыр әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпғын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, күйеу күтетін адал жар, ата - ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын бұл өмір заңы» деген.
Барлық халық қыздарды өмірдің жалғасы, болашақ ана , өмірлік жар, ол-еңбекқор, ол-қоғам қайраткері деп бағалаған.
Ä
Ø
Ú
Þ
J<
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>