"Құқығыңды қорғау-өзіңді қорғау!"
Сабақтың тақырыбы: "Құқығыңды қорғау-өзіңді қорғау!"
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Түрі: Кездесу, дөңгелек стол
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөз.
Жүру барысы:
І Психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығым - менің құқығым (оқушы құқығы)
ІV "Тығырықтан шығар жол қайсы" (ситуациялық жағдайды шешу)
V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
VІ. Қорытынды
Психолог:
Құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары "Құқығыңды қорғау-өзіңді қорғау!" атты дөңгелек столымызға қош келдіңіздер!
Негізгі мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Бүгінгі сұхбат алаңымызға келіп отырған қонақтарымызбен таныстырып өтейік:
1. Есентүгелов Талғат- Полиция капитаны. Ювенель полиция тобының инспекторы
2. Абишов А- Учаскелік полиция инспекторы. Полиция аға лейтенанты
І Психологиялық тренинг
Сұхбатымызды бастамас бұрын бір-бірімізге деген қарым-қатынастарымызды ізгілендіру мақсатында біз мынадай тренинг өткізіп жіберейік
Сіздерге ақ парақша беріледі. Сол параққа өз бойларыңыздағы жағымсыз қасиеттеріңізді жазып қоқыс жәшігіне тастайсыңдар.
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>