Сабақтың тақырыбы: "Ии - Йй дыбыстары мен әріптері" "Алтын күз"
Сабақтың мақсаты: Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасату. Ии - Йй дыбыстарын сөз, буын, сөйлем ішінде дұрыс, анық етіп машықтандыру. Фонетикалық - фонематикалық есту қаблетін дамыту. Сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеуге, қойылған сұраққа дұрыс жауап беруге машықтандыру. Күз мезгілінің табиғаты туралы түсінік беру.
Түзету мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы көру, есте сақтау, ойлау қаблеттерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Баланың рухани өсуіне ықпал жасау, мәдени қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Айна, үлестірмелі кестелер, тыныс алу жаттығуына арналған құралдар, жапырақтар, жемістер мен көкөністер.
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздерме балалар?
Сәлеметсізбе!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (күз)
Бүгін аптаның қай күні? (бейсенбі)
Логопед: жарайсыңдар!
Түзеу жұмыстары:
Артикуляциялық жаттығулар.
"Көңілді тіл туралы ертегілер"
Көңілді тіл өзігнің үйінде тұрып жатады. Ол қандай үй? Ауыз! Көрсетейік: қалай ашылып жабылады? Тіл үйінде отыра алмайды. Далаға шығады (тілін шығару). Міне, ол күнге шығып, жылынып жатыр (жалрақ тіл астыңғы ерінде). Кенеттен жел соқты. Тіл тоңып кенет үйіне кірді де есігін жауып алады. (аузын жабады) Тіл тәтті қайнатпамен шәй ішкенде, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны жалады (төменгі ерінді жалау) Соңынан тісін тазалады. (тілдің ұшымен төменгі, үстіңгі тістерді тазалау) Тіл үйшігінде ұзақ отыра алмады. Далаға шықса, балалар футбол ойнап жұр екен. Олда қосылды, қақпаға доп соқты(еріндерін жымитып, ауызды ашып тілді ек
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>