Қысқы ойын сасауық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

br/>- Сендердің әрқайсыларыңның қыс кезінде сүйіп ойнайтын ойындарың бар. Осыған орай біз қазір
"Сөйлемді аяқта" ойынын ойнаймыз.
Балалар бір - біріне қар ұшқынын( қаршық) беріп тұрып, "Мен қысты жақсы көремін, өйткені. . . " деп сөйлемді аяқтайды. Келесі бала да осылайша жалғастыра береді.
Балалардың жауабы.
- Қыста мен қар лақтырып ойнағанды ұнатамын.
- Қыста мен аққала жасаймын.
- Қыста мен коньки тебуді ұнатамын.
- Қыста қардан мұнара тұрғызамыз.
2. Негігі бөлім
"Не артық" ойыны ойналады.
Тәрбиеші:-- Ал, балалар енді тақтаға назар аударыңдаршы.
Тақтада шаңғышы, конькиші, шана сүйреген бала және велосипедші бейнеленген суреттер ілініп тұр. Балалардың жауаптары.
Велосипедшінің суреті артық, өйткені қыста велосипед теппейді, ал қалған суреттер спорттың қысқы түрлеріне жатады.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінің тақырыбы: "Біз қыста қалай ойнаймыз?" Сендер суретке қарап, әңгіме құрастырасыңдар.
Балалар топшаларға бөлініп отырады. Әр топша үшін үстел үстінде 8 - ге бөлінген сурет бөліктері жатыр.
Тәрбиеші: - Балалар, енді біздер "Суретті құрастыр" деп аталатын ойынды ойнаймыз.
Балалар бір - бірімен ақылдаса отырып, суретті құрастырады.
- Қане балалар қандай сурет құрастырдыңдар?
Балалардың жауаптары.
- Қар ұшқыны не қаршық, қарға, ақшақар. Педагог осы ретпен суреттерді тақтаға орналастырады.
- Осы суреттердің атауларында қандай ортақтастық бар?
Балалардың жауабы.
- Барлығында "қар" сөзі кездеседі.
Балалар интерактивті тақтадан қысқы ойындар бейнеленген көріністерін видеотаспа арқылы тамашалайды.
Тәрбиеші:-- Балалар, осы мезгілге байланысты қар сөзін қатыстырып, тағы қандай сөйлем құр

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: