деріңді шеше ғой. -Кәне,көмектесейік.
-Бірінші нені шешеміз?
-Бірінші қолғабыңды және етігіңді шешеміз. Дала суық болса да, біздің тобымыз өте жылы. Сол үшін етігін шешіп, екінші аяқ киімді кигіземіз.
-Енді нені шешеміз?
-Тонды шешіп мына жерге қоямын.
-Бас киім мен мойынорағышын шешіп мына жерге қоямыз.
-Талшын сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Бүгін біздің балалар қыстық киімдермен таныспақшы. Отыра ғой.
-Балалар, қазір қандай мезгіл?
-Ауа райы қандай?
-Айнала қандай?
-Күн суық, аяз болады. Кейде боран соғады. Сол себепті адамдар қыста тоңбас үшін, суық тиіп ауырып қалмас үшін қалың, жылы киімдерін киеді. Бұл киімдерді қыстық киімдер деп атаймыз.
-Мынау не?
-Бас киімді не үшін киеміз?
-Түсі қандай?
-Мынау не?
-Ал мынау не?
Сергіту сәті:
Ормандағы бала қонжық,
Ағаштардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды.
Орман ішін аралады,
Ағаштарды шайқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап
Қуанғаннан билей кетті.
-Балалар қысқы киімдермен таныстық. Ал, енді мына жерде Талшынның барлық киімдері тұр. Соларды жеке-жеке тауып, атау.
-Жарайсыңдар, балалар!
Бізге Талшынның көп көмегі тиді. Олай болса, балалар, бәріміз көңілімізді көтеріп, Талшынмен бірге өлең айтайық.
-Енді балалар барлығымыз бірге "Ақ қоян" ойынын ойнайық.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тітті ойнаймыз.
Әлемдегі бар балаға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
3. Қортынды
Бізге қонаққа кім келді?
қонаққа Талшын деген қыздың келгенін айтады, оны киіндіргенін балалар айтады. балалармен қоштасады
Страницы: << < 1 | 2