Қысқы киімдер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қысқы киімдер

Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қысқы киімдер.
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық.
бм: малақай - шапка -, күрте - куртка -, етік - сапоги -, қолғап - перчтка -, мойынорағыш - шарфик - Оқу іс - әрекетінің барысы:
Оқу іс - әрекетінің түрлері Тәрбиешінің іс - әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту.
1. Психологиялық сәт:
Балалар сіздердің көңіл - күйлерін қалай?
- Сендер көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Ренжігенде ше?
- Қорыққанда?
- Таң қалғанда ше
- Қуанғанда ше?
Сұрақтарға жауап алу.
- Бүгін қандай күн?
- Ауа райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
Біздің сабаққа қонаққа қуыршақ Айгүл келіп отыр. Ол жай келген жоқ. сандығы толы киімдерімен келіпті.
Сендер мұқият қараңдаршы, Айгүл қандай киімдер киіп келіпті?
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Олай болса балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Қысқы киімдер"
- Жақсы
Балалардың іс - әрекеті
- қол шапалақтаймыз
- қабақ түйеміз
- көзімізді жұмамыз
- таңырқаған кейіпті көрсетеді
- Күлеміз
Балалар орындарын дайындап, қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Қысқы киімдер киіп келген.
- Қыс мезгіліне сай киген
Ұйымдастыру кезеңі 2. Негізгі бөлім
- Балалар, Айгүл сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Қазір Айгүлдің сандығын ашып, сендерге ішіндегі киімдерд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: