Қысқы ертегі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

қ компонент: қыс-зима, қар-снег.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
2. Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар, қардан не жасауға болады?
-Аққала, сырғанақ жасауға болады.
Билингвалдық компонент: аққала - снеговик.
Қазір бәріміз бірігіп, аққала жасаймыз.
Ойын: "Аққала құрастыру"
Ойынның шарты: Берілген қиындылардан аққаланы құрастырып шығу.
Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане айтайықшы?
Алдымен үлкен бөлігін жасап қоямыз, енді екінші бөлігін жасайық, оны қайда қоямыз?
Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек-аяқ жағы, ортасы-кеуде жағы, кішкентайы-басы, және екі қолымен бес дөңгелектен тұрады.
- Байқаңдар, балалар, аққаламыздың бөліктерін орын - орынымен қояйық, шатасып кетпесін. Аққаламыз дайын болды.
- Жарайсыңдар, балалар.
Жеке жұмыс: Нартай, Бағлан аққаланың бөліктерін жеке- жеке атайды.
Сергіту сәті. "Ұлпа қар"
Қар ұшады. /балалар қолдарын созып ұшқан болады/
Қар айналады. /балалар бір орында тұрып айналады/
Қар жерге қонады/балалар жерге отырады/
Қар ұйықтайды/балалар көздерін жұмады/
Қардың мына түрлерін есімізге сақтап алайық.
Ақ қар. Жаңа жауған тап - таза қар.
Ақша қар. Жаңа жауған ұлпа қар.
Ала қанат қар. Бір жерде бар, бір жерде жоқ, бір жерде жұқа, бір жерде қалың қар.
Жапалақ қар. Түйіршіктері ірі - ірі қар.
Үлпілдек қар. Өте жұмсақ, үлбіреген жаңа жауған қар.
Қимылды ойын: "Аяз"
Мақсаты: Балаларды тез жүгіріп, секіруге, ептілікке жаттықтыру. Бірлесе ойнауға тәрбиелеу.
3. Қорытынды/итоговая часть:
-Қардың түсі қандай?
-Қарды сипаттап беріңдер?
-Қардан не жасауға болады?
-Қардың қандай түрлерін білесіңдер?

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: