сурет салуға арналған құралдар мен үлгілер таратып қоямын. Бірінші орталықтағы балалар ұл балаларға, екінші орталықтағы балалар қыз балаларға арнап күздік киім түрлерін безендіретіндігін айтып түсіндіремін.
Сергіту сәті .
Орнымыздан тұрайық,
Енді жолға шығайық.
Ұзын, қысқа жолдарды,
Біліп біздер алайық.
Үлкен, кіші өткелден
Адымдап біз өтейік.
Тез, тез жүріп, жүгіріп,
Бақшамызға жетейік
Дәптердегі тапсырманы орындатамын.
Балалар естеріне түсіріп, ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері мен айырмашылықтарын айтады. Қалың, жұқа киімдер баскиім, сырт киім, аяқ киім болып бөлінеді. Киімдерінің түймелігіне қарап салысмтырып айтады.
Күз мезгілі
Күрте, етік, жылы кофта, жемпір, шапка т. б
Аяқкиім артық
Бірінші орталықтағы балалар ұл балаларға арналған, екінші орталықтағы балалар қыз балаларға арналған күрте, бас киім, етік т. б күздік киім түрлерін өзіндік ерекшеліктерін бере отырып безендіреді.
Қимылмен көрсетеді
Тапсырмаларды орындайды
Рефлексиялық-түзетушілік
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандары, не білгендері, ненің суретін салғандары жайлы әңгімелеп айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: маусымдық белгілері бойынша киімдерді топтастыруды, ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырата білуді
Игереді: . күздік киім түрлерін, ұл бала мен қыз баланың киімдерінің өзіндік ерекшелігін
Меңгереді: өзіне - өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын
Страницы: << < 1 | 2