Қыс. Зат есім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сыныбы: 6
Сабақ тақырыбы: Қыс. Қыс айлары. Зат есім.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: ЖИГСО әдісін қолдана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, тақырып бойынша жаңа сөздерді игерту, сөздік қорын байыту,
Зат есімді қайталап отырып, Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарын дұрыс пайдалануға, жалпы мен жалқы есімдерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Ұжымдық жұмыс жасау арқылы сабаққа қызықтыру. Ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне, туған жеріне, табиғатына деген аялы көзқарастарын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдері: ЖИГСО, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы, постер қорғау, мюнстернберг, класстер толтыру.
Көрнекілігі: Қыс суреттері, сызба, жаңа сөздер, бағалау парағы.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. а) Амандасу Ә) Түгелдеу
II. Психологиялық кезең.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Қыс туралы мақал-мәтелдерін айтады.
Қыс мезгіліне байланысты қандай сөздерді білесіңдер? Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді? Дұрыс кім? Не? деген сұрақтарға жауап береді?
Кім не деген сұрақтарға жауап беріп, заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Сонымен бүгінгі граматикалық тақырып: Зат есім
Зат есім - заттың, атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Мысалы: не? құс, тас, су, шыны, адам, қол
Кім? Мұғалім, әке, шеше,
Балаларға мысал келтірту
Қалалар:Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау
Өзендер:Сырдария, Іле, Жайық, Ертіс, Есіл
Таулар:Алатау, Тарбағатай, Тянь-Шань
Есімдер:Айгүл, Болат,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: