--
Мың бала жобасы бойынша
--
"Ынтымағы жарасқан, туған өлкем".
Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан".
Тәрбие сағаттың мақсаты: "Құрмет", "Сүйіспеншілік", "Достық", "Ынтымақ" құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Тәрбие сағаттың міндеттері:
-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту.
-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.
-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобус
(жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері.
Әдіс-тәсілдері: "Шаттық шеңбері", "әңгімелеу", "Дәйек сөз", "шығармашылық жұмыс", "сергіту сәті", "тыныштық сәті", "жүректен-жүрекке".
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Көп ұлтты болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз. . .
Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады. . . "
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
Ұлы достық
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>