Ғылыми стильге мысал

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қасиеттері анықталынды.
Резина ұнтағы қосылған асфальтты бетон қойыртпағын дайындау реті төмендегідей: Өлшенген фосфор шағалдары мен құмын асфальтты бетон дайындайтын машинаға салып 160-185С дейін қыздырылды. Минерал ұнтағын алдын ала өлшеп, 90-105 С қыздырып, араластырғышқа салынады. Резина ұнтағының қажетті мөлшерін өлшеп алғаннан кейін оны алдын ала қыздырылған битуммен қосып араластырылады. Сонан соң битуммен минералдарды араластырғышта 45-70 сағат араластырылады. Соңынан бұл дайын асфальтты бетон қойырытпағы 60 с «демалады». Асфальтты бетон қойырытпағын араластырғыштан шығарардағы температурасы 140-160 С болуы тиіс. Арнайы дайындалған автосамосвалмен асфальтты бетон қойырытпағы құрылыс орнына жеткізіледі 3. Осы әдіс бойынша алынған асфальтобетонның тығыздығы мен сусіңіргіштігі анықталды.
МЕМСТ-9128-2013 бойынша жол асфальтбетонның тығыздығын анықтау
Жол асфальтбетонның үлгісі алдымен ауада өлшенеді, содан кейін 30 мин. суға (tсу 20 20С) 20 мм жоғары деңгейде. Осыдан кейін жол асфальтбетон тығыздығын анықтау үшін суда өлшенеді (үлгіде ауа көпіршіктері болмау керек, одан алып жұмсақ матаға қойып қайта ауада өлшенеді). Үш үлгінің орташа тығыздығы есептеледі. Орташа тығыздық – табиғи жағдайдағы зат салмағының оның аумағына қатынасы, яғни заттың ішіндегі куыстары мен бос кеңістіктерін қоса алғандағы тығыздық г/см3 немесе кг/м3 есептеледі.
Сурет 2 – Жол асфальтбетондардың тығыздығын өлшеуге арналған
ПАБ-1 құрылғысы
Сынақ нәтижесін өндеу тәртібі.
Жол асфальтбетонның орташа тығыздығын анықтау формуласы:
gа (m0 rв)/(m1 – m2), г/см3
мұндағы m0 – үлгі массасы, ауада өлшенген, г;
m1 - үлгі массасы, 30 мин. суда ұстау және ауада өлшеу, г;
m2 - үлгі массасы, 30 мин. суда ұстау және суда өлшеу, г.
МЕМСТ-9128-2013 бойынша жо

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: