уралы кең көлемде деректер келтіріле отырып зерттелінген. Оқушы өзіне таныс деректі затты ала отырып, бауырсақтың адам ағзасына пайдасы туралы және оның пісірілу жолдары туралы тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған. Нан мен бауырсақтың қасиеті мен қоғам өміріндегі маңыздылығы ерекшеленген.
Мақсаты: нанның қасиеті, бауырсақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, нан-азық атаулының анасы екеніне көз жеткізу. Нанды қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: . Ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай отырып, салт-дәстүрімізді одан әрі дамыту, ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Бірінші кезең: киелі нан туралы, бауырсақ, оның түрлері, пісіру жолдары туралы материал жинақтау, қосымша материалдар көзін іздеу.
2. Екінші кезең: Жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.
3. Үшінші кезең: Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу, жинақталған материалдары дайындап ұсыну
Зерттеу әдістері: Жинау, талдау.
Алынған мәліметтер негізінде жасалған қорытынды:
Жұмысты орындау кезінде оқушы нанға, бауырсаққа байланысты ырымдар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, нанды қастерлеуге деген сезімі оянды. Бұл жоба салт- дәстүр бойынша ұсыныстар дайындауға бағытталған.
Жинақтау - құрылымдық бөлімінде бауырсақтың құрамы, жасалу жолдары, әртүрлі бауырсақ түрлерін пісіруге арнап жинақ кітапша шығару.
Алынған жұмыстың іс жүзінде қолданылуы:
-- тіл дамыту, қоршаған дүниемен таныстыру сабақтарында нан туралы оқыту кезінде пайдаланады;
-- Сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға, тәрбие сағаттарға пайдалануға болады.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>