Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: 37. Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог. /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Ыбырай еңбектері туралы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Тәрбиелік: қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу, достық, ынтымақтықка баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, еңбектері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Тақтаға "Абай" сөзін жазып, бір парақ қағазға оқушыларға ассосация жасатамын (Абайға катысты сөздер жаздырамын). Оқушыларға осы жазғандарына түсінік беруге талап етемін.
Бұдан ары үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар беріп, 3-4 оқушыдан жауап аламын. Кейбір оқушылардан "Абай жолы" романынан үйге берілген тапсырманы сұраймын.
Оқушылар жауабын толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен тақырыптың бүгінгі жаңа тақырыппен байланыстылығына қысқаша тоқталып өтемін.
III. Жаңасабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылып, Ыбырай Алтынсаринның суреті ілініп қойылады. Оқушылардың назарын осы суретке аударып жаңа сабақты сұрак қоюдан бастаймын.
1. Бұл сурет туралы не білесіңдер?
2. Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелері көбінесе не туралы жазылған?
Оқушылардан жауап ала отырып, Ыбырай өлеңдерінен үзінді оқытамын.
Осыдан кейін оқушыларға ойларына Ыбырай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: