Ыбырай Алтынсарин

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

еді соны жазып шығуды тапсырамын. Оқушылардың жазғандары ақын, мұғалім сияқты сөздер болады. Осыдан кейін оқушыларды жұпқа бөліп оларды тыңдаймын.
1. Ыбырай кім?
2. Оның қандай шығармасын білесің?
3. Ол көбінесе не жайлы жазған?
4. Ыбырай шығармасының кейіпкерлерінен кімді білесің?
Осындай сұрақтар төңірегінде оқушылар бір бірінің ойларын біледі. Осыдан кейін балалардың Ыбырай жайында кезектесіп айтқанын тақтаға жазып шығамын.
Осы жазылғандарды қорыта отырып жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының жерінде дүниеге келген. ( Оқушылардың назарын Қазақстан картасындагы Қостанай облысы және Торғай өлкесіне аударамын). 1857 жылы ол шекаралық комиссиясы жанындағы арнайы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мектепті бітіргеннен кейін тілмаштық, ұстаздық қызметтер атқарады. 1864 жылдан бастап Торғайда қазақ балаларына арналған мектепте дәріс береді. Ұстаздың қызметте жүріп Ыбырай халықты оқу-білімге тарту, ағартушылық қызметтермен айналысады. Балаларға білім беруде кітаптың орны бөлек екенін түсінгенін ол, қазақ тілінде оқулық жазуды қолға алады.
1879 жылы жарық көрген "Қазак хрестоматиясы" Ыбырайдың қазақ тілінде жазған алғашқы оқулығы болды. Бұдан басқа Ыбырай қазақтарға орыс тілін меңгертуді де қолға алып осы бағытта бірнеше еңбектер жазады. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторы қызметіне тағайындалған ол, ағарту ісіне білек сыбана кіріседі. 1887 жылы Ыбырай қазақ даласында алғаш Ырғыз жерінде қыздарға арналған мектеп-интернат ашады.
Осы уакыттар арасында Ыбырай өлең жазумен де айналысады. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы еңбек, адамгершілік, достық, білім және ғылым ғылым жайында болды.
(Осы жерде шығармаларынан мысал келтіре кетемін).
Бұдан кейін оқ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: