Я я дыбысы мен әрпі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1. Я я дыбысы мен әрпі туралы білімдерін кеңейте отырып, жазуға, оқуға үйрету.
2. Жаңа сөздерді оқыту арқылы , оқушылардың тілін, ой-өрісін , дүниетанымдарын дамыту, буындап оқуға дағдыландыру.
3. Оқушыларды сауатты, көркем , таза жазуға баулу. Табиғатты аялауға, жануарлар мен құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Я я әрпінің баспа және жазба түрі, ойын, суреттер, жұмбақ, сөздік карточка, сызба, ҚР картасы
Әдісі : түсіндіру, сұрақ- жауап, Инсерт әдісі
Пәнаралық байланыс : дүниетану, музыка
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ оқушылардың оқу құралдарын түгендеу
ә/ психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
б/ Өткен әріптерді еске түсіру
1/ "Сөз ойла, тез ойла" ойыны арқылы "я" дыбысы бар сөздерді ойлату.
2/ Оқулықта берілген сөздерді тізбектей буындап оқыту.
3/ Қ. Баянбаевтың "Ұя" өлеңін жатқа сұрау.
4/ Құстардың пайдасы туралы сұрау, тірек сызба құрату.
ІҮ . Мақсат қою
Жұмбақ жасыру:
"Ұя" десе соңында,
"Сия" десе соңында.
Тұратұғын қайқайып,
Айтыңдаршы қай әріп?
Ү. Жаңа сабақ
1. Дыбыс пен әріп дегеніміз не?
2. Я - қосарлы дыбыс "й" және "а" дыбыстарының қосарлану арқылы естіліп тұр. Дыбыстың таңбалануы : баспа түрі , жазба түрімен таныстыру.
Я- дауысты дыбыс , сөздің басында , ортасында, соңында кездеседі.
3/ Сурет бойынша жұмыс
Оқулықпен жұмыс.
1. Берілген сөздерді буындап оқыту, мағынасын ашу. Кісі аттарын,
жер - су аттарын оқыту, ҚР физикалық картасынан көрсету
2. "Қоян" туралы не білетіндерін топтас

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: