Кулагино орта мектебі
Тақырыбы: «Үй құстарын білесіңбе?»
Мектепке дейінгі шағын топ тәрбиешісі: Кадиркулова. Л
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Үй құстарын білесіңбе?»
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тіршілік ету ортасын, қоректенуі туралы мағлұмат беру. Құстардың мекені туралы тоқталу, ұясының шатыры үшбұрышты, төмені тік төртбұрышты болатындығын, оны ағаш бұтасына ілетіндігі туралы мағлұмат беру. Құстардың орналасуын бақылау арқылы, кеңістікті бағдарлай білуін жетілдіру. Құстарды жем шашып қамқорлауға, оларды ұя жасап қарсы алуға, ағаштарды сындырмауға, құстарды атпауға тәрбиелеу.
Тілдік қимылдық жаттығу.
Ауыл маңы саз – саз - саз,
Жайылады қаз - қаз - қаз
Жем шашсаң мәз - мәз - мәз
Тоймай қалса қаз – қаз – қаз
Шашқан дәннің аз – аз – аз.
Шеңбер бойымен жүріп біртіндеп орындыққа отырады.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде айнала қандай өзгерістерге ене бастайды?
Күзде құстар не істейді?
Құстарға біз не жасаймыз?
Дала құстарының қандай түрлерін білесіздер?
Дала құстары қайда мекендейді екен?
Олар немен қоректенеді?
Ал, біз бүгін үй құстары туралы әңгімелейміз. Кім айтады үйде қандай құстар тіршілік етеді?
Мынау тауық ол көлемі жағынан кішілеу, үсті толы қауырсын, бас бөлігінде екі көзі, тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар, бірақ көп биікке ұша алмайды, мынау екі аяғы, ол қыт - қыт деп дауыстайды.
Мынау әтеш, оның құрылысы да тауықпен бірдей болып келеді, ол ку - ка - ре - ку деп дауыстайды.
Мынау үйрек ол кря - кря деп дауыстайды.
r
t
Ú
Ü
(Мынау қаз ол өте маңғаз, жай жүреді кря - кря деп дауыстайды. Мынау балапан ол өте мамық әрі жұмсақ болады, түсі сап - сары болады.
Үй құстарының ад
Страницы: 1 | 2 > >>