Үй құстары

Страницы: 1 | 2  >  >>

Бі лім беру саласы:"Әлеуметтік орта"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:"Айналамен таныстыру"
Тақырыбы:"Үй құстары"
Мақсаты:Үй құстары туралы түсінік беру. Үй құстарын күту ерекшеліктерін түсіндіріп айту. Балаларды себеп-салдарлық сипатта сұрақ қоюға ынталандыру. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:таныстыру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап,сипаттау,мақтау.
Көрнекіліктер:үй құстары суреттері.
Ұйымдастыру сәті.
Шаттық шеңбер.
Амансың ба,Алтын күн,
Амансың ба,Көк аспан,
Амансың ба,Достарым,
Сендерді көрсем қуанам,
Қайырлы таң қонақтар.
Балалар жылдың қай мезгілі?
Қыс.
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Үш. Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Қазір ақпан айы яғни қыс мезгілінің бітуіне азғана уақыт қалды. Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Күн суытады,адамдар жылы киінеді,қар жауады,балалар қардан аққала жасайды,құстар жылы жаққа кетеді.
Ия,балалар күн суытып,құстар жылы жаққа кетеді,бірақ үй жанында ұстайтын құстар болады. Оларды үй құстары деп атаймыз. Олар:тауық,әтеш,қаз,үйрек және балапандары.
Оларға күнделікті жем-су беріп асыраймыз. Олар бізге жұмыртқа,етін береді. Мамығынан тұрмысқа қажетті заттарды жасаймыз. Мыс:жастық.
Құстардың денесі,екі аяғы,қолы,басы,көзі,мұрны болады.
Балалар әңгімелейді.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
1. Жүреді бой тастап,ойқастап,
Басында айдары бар
Иекте сақалы бар. ӘТЕШ
2. Күн бата қонақтап қалқыған,
Таң ата жерден жем аңдыған. ТАУЫҚ
3. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. БАЛАПАН
Сергіту сәті
Қане,қанат жазайық
Құс болып ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Тапсырма жапсыру "Балапан"
Балалардың тақпақтары.
Мен ақ тауық,ақ тауық,

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: