16 сабақ
Пән қазақ тілі
Тақырып Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларымен таныстыру, үй жануарларына байланысты ертегі, ән, таөпақтар туралы түсінік беру. 
 Күтілетін нәтиже:
Пәндік: үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын меңгеру, үй жануарлары туралы ауыз әдебиеті үлгілері туралы түсінік алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру, байланыстыра сөйлеуге үйрену. 
Тұлғалық: үй жануарларына, олардың төлдеріне сүйіспеншілікпен қарау. 
Жүйелік - әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. 
Құрал-жабдықтар: демонстрациялық материал, суреттер
Сабақ түрі жаңа сабақты игеру
Сабақ барысы: 
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. 
ІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. 
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырмадағы суреттер бойынша үй жануарлары мен олардың төлдерінің атаулары компьютерден тыңдалады. Сурет бойынша аталады. 
2-тапсырмадағы жұмбақ компьютиерден тыңдалады, оқытылады, оқушылар жауабын табады. Жұмбақтың жауабы: 31. 
3-тапсырмадағы сурет бойынша үлгісі тыңдалады, қайталанады, рөлге бөлініп оқытылады. Оқушылар "туралы" сөзін үй жануарлары атауларымен байланысты қолдана алуға жаттығады. 
4-тапсырмада лақ туралы ертегі, ал қозы туралы ән бар екені туралы түсінік беріледі. Оқушылар сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы бұл ақпаратты нақтылай түседі. 
5-тапсырмадағы сөйлесу үлгісін оқу арқылы оқушылар бота туралы тақпақ бар деген қорытынды жасап, 6-тапсырмада осы бота туралы тақпақты компьютерден тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Тақпақ хормен қайталату арқылы ж
		Страницы: 1 | 2 > >>
