Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстыру. Олардың төлдерін танып , ажырата білуге үйрету. Және қалай дыбыстайтындылығын меңгерту.
Сөздік жұмысы: Төлі.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Үй жануарлары мен төлдерінің суреттері. Видео.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Педагогтың іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері. Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты. Саламатсыздар ма балалар, Саламатсыздар ма апайлар.
Балалардың назарын суретерге аударту.
-Балалар мына суретке қарайықшы. -Мынау қандай жануар? Сиыр,қой,жылқы,түйе. Бұлар үй жануарлары.
Шаттық шеңберін жасап , өз орындарына отырады.
Балалар қызығушылық көрсетіп,жануарларды атайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Ғажайып сәт: Қошақан кіреді. Есік қағылып қошақан кіреді. Қ: - Саламатсыздар ма балалар!
Т:-Қандай жақсы болды сенің келгенің. Біз де үй жануарлары туралы айтып отырып едік,кел сенде бізге қосыл. Қ: -Ал мен сіздерге жай келген жоқпын, сіздерге шағын мультфильм алып келдім көресіндерме! Т:-Бірге қарайық. Т: -Балалар сендерге ұнады ма? Біз үй жануарларын көрдік.
Сөздік жұмыс. Төлі. -Ал енді қайталап айтамыз. Жылқы,оның төлі-құлын,ал ол қалай дыбыстайды? Сиыр,оның төлі-бұзау,ал ол қалай дыбыстайды? Қой,оның төлі-қозы. Ол қалай дыбыстайды? Түйе ,оның төлі-бота. Ол қалай дыбыстайды? Жақсы балалар, жарай-сыңдар!
Сергіту сәті. Т:-Балалар енді қошақанмен бірге серігіп алайық. Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиіп тұр бүйірің , Қай өрісте тойдың?
Дидактиқалық ойын: Төлдерін тап! -Ойын ойнаймыз ба? Төлдердің қима суреттерін, енесінің қасына апар
Страницы: 1 | 2 > >>