т
Сауын
Хараж
Баж
Соғым
Сыбаға
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әкімшілік басқару жүйесінің көп жағдайда бір-біріне ұқсас болғанын, жоғары тап, ірі тайпа өкілдерінен тұратын хан кеңесінің рөлін ерекше атап өту керек. Мұғалім бұл мемлекеттердегі халықтың шаруашылығы , мәдениеті, тілі, діні, әдет-ғұрыптарының ұқсастығына тоқталып, қазіргі осы аймақтарда құрылған мемлекеттер халықтарының ұқсастықтары, айырмашылықтары туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгіме өткізуге, пікір алысуға болады.
Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету мақсатында, ізденісін дамыту бағытында қырғыз, өзбек, башқұрт, түрікмен, татар, қалмақ, т. б. халықтар туралы баяндама, реферат жазып келуді тапсыру да тиімді.
Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін, осы аймақта Қазақ хандығы құрылып, дами бастайды. Қазақ хадығының құрылуының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор.
Сабақты бекіту:
1. Орта ғасырдағы мемлекет тұрғындары мемлекет қазынасына қандай салық түрлерін төледі?
2. 14-15ғ Қазақстанда жерге иелік ету мен жерге жеке меншіктің қандай түрлері өмір сүрді?
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: 19.
Страницы: << < 1 | 2