н Таяудағы құжаттар жолын таңдау керек. Содан кейін ашылған каскадтық деңгейде керекті бағдарламаның немесе құжаттың атауы бар жолды таңдау керек. Кейбір жағдайда негізгі менюдің бірнеше деңгейін ашуға тура келеді.
Сілтеуіштің терезесінен іске қосу
Елерде Жұмыс үстелінде жарлық жоқ болса, ал негізгі менюде керекті бағдарламаның немесе құжаттың жолы болмаса, бағдарламаны іске қосуды немесе құжатты ашуды Сілтеуіштің терезесінен орындауға болады. Бірақ ол үшін алдымен ресурстар тізімі бойынша қажетті бағдарламаның немесе құжаттың файлына орын ауыстыру керек. Ең қолайлысы көп жағдайда қапшықтар бұтағын пайдалану.
Керекті файлға орын ауыстыру процесінде қателесіп басқа қапшықты немесе басқа дискілік құрылғыны таңдауға болады. Ол кезде бұрын сипатталған тәсілдермен бір деңгей жоғары қайтуға немесе қапшықтар бұтағындағы таңбаша бойынша шертіп керексіз қапшықты орауға болады. Көрініс аймағында ізделінген файлдың атауы пайда болғаннан кейін бағдарламаны іске қосу немесе құжатты ашу іс жүзінде жарлықты пайдаланған кездегідей орындалады.
4. Жаңа материалды бекіту
Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
5. Сабақты қорыту
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: жоғарыда келтірілген кестелер көмегімен мысалдар құрастыру.
Оқытушы У. Ш. Аликулов
ПЦК төрағасыК. К. Убаев
Страницы: << < 1 | 2 | 3