жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
2ЖҮР: Достық тапса діндер менен ділімді
Салт- дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді
1ЖҮР: Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда
2ЖҮР: Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр
1ЖҮР: Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
2ЖҮР:Осымен 1 мамыр халықтар достығы мерекесіне арналған шағын мерекелік іс- шарамыз өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық болсын, достығымыс жарасып, бейбіт өмір сүрейік, ағайын!
Страницы: << < 2 | 3 | 4