зметі басқаруының серверлік элементтері.
Элемент типтері әртүрлі болғанмен оларды web-параққа орналастыру бірдей тәсілмен жүзеге асырылады. Қазір біз параққа горизонталь сызық элементін орналастыру техникасын қарастырып көрейік. Ол үшін:
1. Элементтер панелін ашамыз.
2. Элементтер панелінен Горизонталь сызық батырмасын шертеміз.
3. Тінтуірдің сол жақ батырмасымен сүйреп әкеліп, web-парақтың керекті жеріне орналастырамыз.
4. Тінтуірді жібереміз .
Нәтижесінде web-парақта горизонталь сызық пайда болады (4 сурет).
4 сурет. Web-параққа горизонталь сызық элементін қосу
Қосылған элементті пішімдеу үшін контексті мәзірді қолданған ыңғайлы. Мысалы, web-параққа орналастырған сызықты редакторлау үшін мына әрекеттерді орындаймыз:
Сызыққа тінтуірдің оң жағын шертіп, контекстік мәзірді шақырамыз;
Мәзірден Горизонталь сызықтың қасиеті бұйрығын таңдаймыз; (5 сурет)
Сұхбат терезесінен қажетті қасиеттерді орнатамыз да, ОК батырмасын шертеміз (6 сурет)
5 сурет. Элементті орналастырғаннан кейінгі нәтиже
6 сурет. Сұхбат терезесі.
Нәтижесінде сызықтың элементі web-парақта таңдалған пішін бойынша көрінеді.
Ескерте кететін жайт, ол элементтер панелінде жоқ элементті Қою (Вставка)мәзірінен табуға болады.
Бетті алдын ала қарау және сақтау
Share Point Designer файлдарын басқару үйреншікті тәсілмен жүзеге асырылады. Құрал-саймандар жолағындағы Сақтау батырмасы арқылы web-парақты тез сақтауға болады. (7 сурет).
Әрине, Share Point-та редакциялаудың көптерезелік режімін қолдайтындықтан, web-парақтың алғашқы типін анықтап алып, жасап, сосын қажетінше редакциялауға болады.
Редакторланған құжатты браузерде көру үшін Құрал-саймандар жолағынанWindows Internet Explorer Көру батырмасына шерту
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>