жедел жадтағы информацияларды "басқа жаққа" жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.
Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:
1. "Бейсауат" (гуманды) - онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.
2. "Шантаж жасаушы" - мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын "баяу әсер ететін бомбалар".
3. "Насихатшы" - "өзін көрсету" мақсатында жасалған.
4. "Мағынасыз" - атынан-ақ әсері түсінікті.
Тапсырмалар:
1. Компьютер жадын вирусқа тексеріңіз?
2. Табылған вирустардың атын жазып дәптерге конспектілеу
Сұрақтар:
1. Вирус дегеніміз не?
2. Вирустар неше түрге жіктеледі?
3. Вирустар қанша түрмен жұғады?
4. "Шантаж жасаушы" вирустардың жұмысын түсіндіріңіз.
Үйге тапсырма:
1. Күнде шығатын вирустардың санын және толық статистикасын анықтау. (СӨЖ)
2. 12. Антивирустық бағдарламалар және олармен жұмыс.
Жоспары:
1. Антивирустық бағдарламалар
2. Қорғану тәсілдері
3. Компьютерлік вирустан емдеу жолдары
Компьютерлік вирустар - бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейілеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және Internet арқылы тарап,
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>