Қуыршаққа қонақ кутуге көмектесеміз

Страницы: 1 | 2  >  >>

Білім беру саласы: "Коммуникация".
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Қуыршаққа қонақ кутуге көмектесеміз.
Мақсаты: Балаларға ас пісіретін жане ас ішетін ыдыстардың атын толық айтуға, ыдыстарды ажыратуға үйрету. Қонақ күту ережелерімен таныстыру. Қонақжайлылыққа баулу. Балаларды еркін сөйлеуге үйрету. Балаларға дыбыстық жаттығу жасату (п-б,т-д,к-г,фв,с-з-ц).
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Технология: Мнемокесте.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер:
Таңмен ерте тұрамыз,
Беті қолды жуамыз.
Әкеме еріп ертемен,
Бақшаға да барамыз.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын айтыңдаршы?
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? (қар жауады,күн суық болады,су мұзға айналып,жер тайғақ болады).
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнауға болады? (қар атысып,шанамен сырғанап,аққала жасап, шаңғы теуіп,конькимен)
Таңғажайып сәт.
-Ой балалар есікті біреу қағатын сияқты, барып көрейін бізге кім келіп тұр екен?
Қонаққа Қуыршақ Айгерім келді.
--Балалар, бізге қонаққа Қуыршақ Айгерім келді.
Балалар амандасады.
Қуыршақ:
-Балалар сендер маған қонақ күтуге көмектесесіңдер ме?
Балалар келіседі.
-Қонақ күтуге бізге ас пісіретін жане ас ішетін ыдыстар қажет.
Ас пісіретін,ас ішетін ыдыстардың аттарын айтады.
Кастрюль, ожау, табақ, үлкен қасық,скаваротка,табақ,шанышқы,кесе,кішкентай шай қасық.
Мнемокесте арқылы ыдыстарды жинау.
Сергіту сәті:
Сөйлемейсің сен неге,
Тілің жоқ па,қуыршақ?
Жуынбайсың сен неге,
Кірің жоқ па,қуыршақ?
Аяғың бар ма,сен неге,
Жүре алмайсың қуыршақ?
Жұмсағанда сен неге,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің,
Жалқаусың ба, қуыршақ?
Дидактикалық ойын: "

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: