Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

(Жұбан Молдағалиев)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІННІҢ ЗАРДАПТАРЫ
Жолжанова Гүлжазира Русланқызы
Ақтасты ауылы Абай атындағы орта мектеп
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың "халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың" қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды.
Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өтуидеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.
30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:
саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда "Кіші Қазан" жоспарын жүзеге асыру;
әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) "жақсарту".
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. С

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: