Пәні: Математика 2-сынып
Тақырыбы: Сағат. Минут
Мақсаты:а) Уақыт бірліктері сағат пен минут туралы түсінік беру, рим цифрлары туралы
алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.
ә) Білімдерін, таным-түсініктерін, есепті талдау және шығару дағдыларын дамыту.
б) Уақытты тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа тәрбилеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, сын тұрғысынан ойлау
элементтері
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сағат, доп
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық даярлық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6 мысал
ІІІ. Өткен сабақты бекіту: "Доп лақтыру" ойыны
Мұғалім допты сұрақ қою арқылы оқушыға береді. Ол жауап беріп, қайта мұғалімге береді.
1 кг-да қанша грамм бар?
Фигуралардың периметрін қалай табамыз?
46?
Жақшалы өрнекте бірінші қай өрнек орындалады?
1м?дм бар? (10дм)
1дм90см қайсысы үлкен?
ІV. Жаңа сабақ
Ой шақыру. 1-слайд: Жұмбақ
Сыртылдайды күнімен, Білгің келсе уақытты,
Сыртылдайды түнімен Көрсетеді тілімен. (Сағат)
Сағат не үшін керек?
Біз сабаққа нешеде келеміз?
Мағынаны тану. 2-слайд
Ертеде адамдар сағат пайда болмас бұрын уақытты күнге қарап, әтештің шақырғанына қарап, тіпті кей елдерде есектің ақырғанына қарапта ажырата білген. Қазақтар күнге қарап уақытты былайша болжаған:
Таңертеңгі күн шыққан уақыт - сәресі
Күн тас төбеге келген кез - талтүс
Түсқайтағы уақыт - бесін
Күн байыр шақ - екінді
Күн ұясына қонған кез - ақшамдеп аталған.
Ең алғаш рет сағат Қытай елінде пайда болған. Қазіргі кезде сағаттардың түрлері өте көп. Суға төзімді сағаттар, аса суыққа төзімді сағаттар, жар сағаты, қол саға
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>