--
"Ашық сабақ: "Тұңғыш Президент күні""
Мақсатты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Елбасы суретті
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар: Саламатсыздар ма!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгінгі біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев
Тәрбиеші: Дұрыс Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол біздің президентіміз
Тәрбиеші: Балалар біздің елбасымызға арнаған тақпақтарыңызды айтып беріңіші
Жасұлан:
Ел басымыз жолдайды
Халық оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
Нұрасыл:
Тәуелсіздік елге сыйлады
Бейбітшілікті қолдайды
Орындалып арманы
Халқымызда ажарлы
Осының бәрі әрине Елбасының арқасы
Нұрай:
Ел басы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Айжан:
Бағдарлап елдің ертеңін
Тыныштық тауып жатпаған
Болашақ үшін тер төгіп
Үмітін елдің ақтаған
Айғаным:
Ел басы болды да қазағымның
Еңкейтпеді жалауын әр елімнің.
Тәрбиеші: Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі- Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан есімді әжесі Мырзабала беріпті. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр тағы бірі-Сұлтан. Анасының есімі-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебіні бітірген. Мектепте озат,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>