:
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
І- жүргізуші:
Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры
Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
-Егеменді Қазақтан!
Ән ұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. ҚР мемлекеттік рәміздеріне- Ту, Елтаңба, Гимн жатады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.
Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)
Біздің Отанымыз осы 28 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы- АСТАНА қаласы. Мемлекет - адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.
КОНСТИТУЦИЯ - мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы-
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>