Тұғыры биік- тәуелсіздік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Күні: 18. 12. 20
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Тұғыры биік- тәуелсіздік!"
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.
Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ардақты ата-аналар! Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Мұғалім сөзі:
"Еркіндігі елімнің- Тәуелсіздік" тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін.
- тәуелсіздік мерекесі
егеменді еліміздің мерекесі
отанымыздың мерекесі
- ал Отан деген не?
- Туған жеріміз деп нені айтамыз
-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!
Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дү

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: