Тұғыры биік Тәуелсіздік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мектеп оқушыларына арналған сценарий Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Түрлі түсқағаздар, шарлар ілінген. Айғаным ән "Туған жер" Ортаға екі жүргізуші шығады
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2-жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің Ұланымның туын көкке көтерген, Ертеңімін Егеменді елімнің Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалынды жастар,сендерсің сәнім Беретін бойға күш-қуат, жігер Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
2-жүргізуші: Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар ! ҚР Әнұраны ойналсын! Әнұран ойналады
1-жүргізуші: Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен, 25 жыл!
Құтты болсын егемендік!
2-жүргізуші: Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын!
1-жүргізуші: 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
2- жүргізуші: Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ата заңға сай елдің бірлігі мен

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: